«Мектеп-колледж білім беру жүйесінде Орталық Қазақстанның орындау мәнерінде жазылған өлеңдерді оқушыларға орындап үйрету ерекшеліктері» тақырыбында стажер алаңының музыкалық бағыт бойынша жұмыс жоспарына сәйкес облыстық семинар-практикум өтті.
2017 жылдың 2 сәуірінде Қарағанды қаласының«№3 балалар музыка мектебі» КМҚК базасында Қарағанды облысының балалар музыка мектептерінің, өнер мектептері мен балаларға қосымша білім берудің көпсалалы ұйымдарының (Сарайлар, Шығармашылық үйлері, Орталықтар) «Домбырамен ән айту» сыныбы бойынша «Мектеп-колледж білім беру жүйесінде Орталық Қазақстанның орындау мәнерінде жазылған өлеңдерді оқушыларға орындап үйрету ерекшеліктері» тақырыбында стажер алаңының музыкалық бағыт бойынша жұмыс жоспарына сәйкес облыстық семинар-практикум өтті.
Семинарға Балқаш, Қарағанды, Саран, Теміртау қалаларынан, Шет, Осакаровка, Бұқар жырау, Ұлытау, Жаңаарқа аудандарынан 22 педагог қатысты.