«Айбар» азаматтық-патриоттық тәрбиелеу орталығы» әлеуметтік-педагогикалық жобасын жүзеге асыру аясында 2 облыстық семинар өткізілді
17-04-2017 03:42
 «Айбар» азаматтық-патриоттық тәрбиелеу орталығы» әлеуметтік-педагогикалық жобасын   жүзеге асыру аясында  2 облыстық семинар өткізілді

    «Айбар» азаматтық-патриоттық тәрбиелеу орталығы» әлеуметтік-педагогикалық жобасын   жүзеге асыру аясында  2 облыстық семинар өткізілді:

    1.   2017 жылдың 11 сәуірінде Қарағанды қаласының «Балақай» бала-бақшасында     ««Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды қазақстандық  патриотизмге тәрбиелеу» (40 қатысушы);

    2.   2017 жылдың 17 сәуірінде Шет ауданы Ақжал ауылының

«Ш.Батталова атындағы ЖББОМ» КММ базасында  «Патриоттық тәрбие-тәрбиенің  негізі»  (37 қатысушы).

     Іс-тәжірибе алмасу семинарларына Қарағанды облысы мектепке дейінгі және  жалпы  білім беру ұйымдарының педагогтері, «Айбар» жобасына қатысушы білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты. Семинар барысында «Айбар» орталығының 5 тақырыптық бөлімдерінің «Балдаурен», «Жас даурен», «Тұлға»  деңгейлері бойынша іс-шаралар көрсетілді.