«Ақыл ойында кемістік бар балаларға арналған арнайы мектептің II бөлімшесінде оқу үрдісін жобалау» тақырыбында Қарағанды облысы арнайы мектеп-интернаттарының II бөлімше мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің облыстық кеңейтілген отырысы өтті.
03-05-2017 17:01

    2017 жылдың 03 мамырында Қарағанды облысы білім басқармасының «Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық №2 арнайы мектеп-интернаты»  КММ базасында «Ақыл ойында кемістік бар балаларға арналған арнайы мектептің  II бөлімшесінде оқу үрдісін жобалау» тақырыбында Қарағанды облысы арнайы мектеп-интернаттарының II бөлімше мұғалімдерінің  әдістемелік бірлестігінің облыстық кеңейтілген отырысы өтті.

    Отырыс барысында мектеп-интернаттың әдістемелік жұмысының жүйесі көрсетілді: оқу пәндерін жобалау (мақсатты тұжырымдау, келешекті тематикалық жоспар); аралық тематикалық жоспар; тәрбиеленушілердің оқу жетістіктерін бағалау; критериалды бағалау жүйесі, бала дамуының деңгейін топтық бағалау.