Размер шрифта:
Облыстық әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
12-05-2017 06:26
Облыстық әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

      2017 жылдың 12 мамырында Қарағанды көлік - технологиялық колледжінің базасында Қазақстан тәуелсіз мемлекетінің құрылу моделі: жетістігі мен даму стратегиясы тақырыбында тарих пәні оқутушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның мақсаты: студенттердің  өз Отанына, мәдениеті мен тарихына деген мақтаныш сезімін оятып,  патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет құру жолындағы тарихы жөніндегі білімдерін арттыру. 

Конференция үш бағыт бойынша өтті:

1.   Қазақстан тарихының маңызды мәселелері.

2.   «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асырудың патриоттық бағыттары;

3.   Қазақстандық қоғам – саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени аспектлердің дамуы.

Конференцияға колледж студенттері және жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны – 70 адам.