2017 жылдың 12 мамырында Қарағанды көлік - технологиялық колледжінің базасында Қазақстан тәуелсіз мемлекетінің құрылу моделі: жетістігі мен даму стратегиясы тақырыбында тарих пәні оқутушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның мақсаты: студенттердің өз Отанына, мәдениеті мен тарихына деген мақтаныш сезімін оятып, патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет құру жолындағы тарихы жөніндегі білімдерін арттыру.
Конференция үш бағыт бойынша өтті:
1. Қазақстан тарихының маңызды мәселелері.
2. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асырудың патриоттық бағыттары;
3. Қазақстандық қоғам – саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени аспектлердің дамуы.
Конференцияға колледж студенттері және жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны – 70 адам.