«Хорға дирижерлік ету» сыныбының мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті.
12-05-2017 10:27
«Хорға дирижерлік ету» сыныбының мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті.

           2017 жылдың 12 мамырында «Тәттәмбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК базасында стажер алаңының жұмысын ұйымдастыру шеңберінде «Мектеп-колледж білім беру жүйесінде хорға дирижерлік ету сыныбы бойынша музыкант дайындау ерекшеліктері» тақырыбында балаларға қосымша білім беру ұйымдарының «Хорға дирижерлік ету» сыныбының мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті.

         Семинарға Қарағанды облысының 10 аймағынан 32 педагог қатысты. Хорға дирижерлік ету бойынша ашық сабақтар, шеберлік сыныптары өткізілді.