Студенттер арасындағы техникалық жобалар көрмесі
19-05-2017 03:16
Студенттер арасындағы техникалық жобалар көрмесі

     2017 жылдың 19 мамырында Ж. Букенов атындағы Қарағанды банк колледжінің базасында «ЭКСПО -2017»  халықаралық  көрмесін өткізуге байланысты Қарағанды облысы колледждерінің  студенттері арасында техникалық жобалар көрмесінің байқауы ұйымдастырылып, өткізілді.

    Байқаудың мақсаты: инновациялық технологиялар ғасырында талантты студенттердің техникалық білімін дамытып, оларға қолдау көрсету және жастарды адамзатқа қатысты маңызды  мәселерді шешуге тарту.

    Байқауға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1-2 курс студенттері қатысып, өз жобаларын ұсынды. Қатысушылардың жалпы саны 12 колледжден 18 студентті құрады.

     Қазылар алқасының шешімімен келесі жобалар жүлдеге лайық деп танылды:

1 орын – Қарағанды көлік –технологиялық колледжі;

2 орын – М. Адекенов атындағы Қарқаралы ауылшаруашылық колледжі;

3 орын – Жезқазған қаласының тау-кен металлургиялық колледжі;

3 орын –Саран техникалық колледжі.