Саран қаласы мектептерінің даму стратегиялары жүзеге асырылуы туралы ақпараттық-талдамалық есептері қаралды
31-05-2017 04:36
Саран қаласы мектептерінің даму стратегиялары жүзеге асырылуы туралы ақпараттық-талдамалық есептері қаралды

     2017 жылдың 31 мамырында Саран қаласында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының отырысы өткізілді. Отырыста Саран қаласы мектептерінің 2016-2017 оқу жылындағы даму стратегияларының жүзеге асырылуы туралы ақпараттық-талдамалық есептер қаралды. Бір жыл жұмысының қорытындылары бойынша ұсыныстар жасалды.