2014 жылдың 25 желтоқсанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Жылу қозғалтқыштары және қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында облыстық онлайн сабақ өткізілді.Онлайн сабақты Теміртау қаласының №20 мектеп – лицейінің 10 «А» сыныбында физика пәнінің мұғалімі Н.А. Ветковская өткізді. Онлайн режимде сабаққа Қарағанды облысы бойынша 48 білім беру мекемелерінің физика пәнінің мұғалімдері қатысты.
Сабақ семинар түрінде өткізілді. Сабақтың құрылымы 4 кезеңнен тұрды, яғни «Жылу қозғалтқыштары» тақырыбы қайталанып, ПӘК анықтауға арналған бірнеше есептер шығарылды. Сонымен қатар сабақ үрдісінде «Жылу қозғалтқыштары және оның адам өміріндегі маңызы», «Жылу қозғалтқыштары және қоршаған ортаны қорғау» сұрақтары бойынша оқушылар топпен жұмыс істеп өз ойларын ортаға салып, эксперименттік тәжірибе жасау арқылы дәлелдеп берді. Шығармашылық тұрғыда өткізілген сабақ – семинарлардың оқушылардың жан-жақты, ғылыми тұрғыда дамуына бірден-бір көмегін тигізері анық.