2014 жылдың 24 желтоқсанында ҚО ББД ОӘО әдіскері Г. Мұратқызымен Абай ауданы Топар кентінің Корниенко атындағы ЖББОМ-де «Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытудың әдістемесі мен технологиясы» тақырыбында Абай, Саран қалалары мен Осакаров, Нұра аудандарының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өткізілді.
Болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі болғандықтан Корниенко атындағы ЖББОМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері С. С. Смайылова 11 сыныпта «Депутатпен сұхбат», А. А. Зеитова 8 сыныпта «Менің сүйікті қалам» атты ашық сабақтар беріп, Ү. С .Чегирова «Бір Отан, бір тіл, мәңгілік ел-Тәуелсіз Қазақстан» атты отбасылық сайыс өткізіп, тәжірибе алмасты.
Екишева Ф. Е., Садыкова А.С., Смекенова З.И.«Оқытудың белсенді стратегиялары» атты шебер сынып көрсетті. Коуч С. В. Луконин рефлексия жүргізді.
Семинардың екінші бөлімінде ҚО ББД ОӘО әдіскері Г. Мұратқызымен білім сапасын бағалаудың әлемдік тәжірибесі, функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары тақырып төңірегінде ой бөлісіп, функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмалармен таныстырды. Функционалдық сауаттылық тапсырмаларын құрастыру және шешу атты тренинг өткізіп, функционалдық сауаттылыққа байланысты тапсырмалардың шешу жолдары талқыланды.
Абай, Саран қалалары мен Осакаров, Нұра аудандарының педагогтары алғыстарын айтып, әрі қарай осындай семинарлар жалғасын тапса деген ниеттерін назардан тыс қалдырған жоқ.