«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДББҰ ТӘЖІРИБЕСІН ТРАНСЛЯЦИЯЛАЙТЫН МЕКТЕПТЕРДІҢ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ
20-06-2017 08:00
«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДББҰ ТӘЖІРИБЕСІН ТРАНСЛЯЦИЯЛАЙТЫН МЕКТЕПТЕРДІҢ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ

      2017 жылдың 20 маусымында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру, 2015 жылдың 19 тамызындағы педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесінде берілген Қарағанды облысы әкімінің тапсырмасы және Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды қаласы педагогикалық шеберлік орталығының филиалы және Қарағанды қаласының «Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы арасындағы өзара серіктестік туралы Меморандумшеңберінде «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ тәжірибесін трансляциялау бойынша облыстық форум өтті. Форумға Қарағанды облысының 50 мектебі қатысты.  

     Форум мақсаты: НЗМ тәжірибесін трансляциялайтын және білім беру мазмұнын жаңартуды жүзеге асыру үрдісінде бекітілген мектептердің серіктестігін қамтамасыз ету үшін үздік тәжірибелер әлеуетін анықтау, НЗМ тәжірибесін трансляциялау бойынша облыс мектептерінің серіктестігін дамыту.

    Форум жұмысы секциялық практикумдар, семинарлар, шеберлік сыныптар және пленарлық отырыс түрінде келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылды:

     - оқытудың табыстылығын дамытуда және оқушылардың басты құзырлықтарын қалыптыстыруда қолданылатын жаңа тәсілдердің нәтижелілігі;

     - зерттеу мәдениеті мен бағалауды қалыптастыруда жаңа тәсілдерді енгізу рөлі;

     - әлеуметтік тәжірибелерді енгізу тәжірибесі.

     Форумға НЗМ тәжірибесін трансляциялайтын 50 мектептің мұғалімдері, Қарағанды қаласының ХББ НЗМ филиалы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры және қызметкерлері, Қарағанды қаласының ПШО филиалының директоры қатысты.