2017 жылдың 21-23 маусымы аралығында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының базасында балалар үйлерінің директорларына арналған «Білім беру ұйымдарының қызметін реттеудегі басты өзгерістер» тақырыбында курс өткізілді.
23-06-2017 04:10

    Курсқа барлығы Қарағанды облысының 18 ауданы мен қалаларының МДББ ұйымдарының 147 басшысы қатысты.

    Сабақтардың бағдарламасы балабақша директоры қызметінің әр түрлі бағыттарын қамтыды. Бұл: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын енгізудің негізгі бағыттары», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының даму стратегиясының мониторингі», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы жылдық жоспарлау», «Педагогикалық кеңес», «Цифрлік сауаттылық», «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асырудағы тұжырымдамалық тәсілдер», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жоспарлаудағы Б. Блумның оқу мақсаттарының таксономиясы»

     Астана қаласының «Ұстаз» білім беру орталығының жаттықтырушылары Е. Конырбаев, А. Имангалиев, М. Игенбаев шақырылды.  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру» туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Департаментінің бас маманы О.А. Бурханов баяндады.

    Оқыту іскерлік, кәсіби деңгейде өткенін атап өткен жөн. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары белгілі жұмыс тәжірибелерін алып, курстың жоғары деңгейде өткізілгенін, сондай-ақ осындай курстар қажет және маңызды деп есептейтіндерін  айтты.