2014 жылдың 24 желтоқсанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Жезқазған қаласының К.И. Сәтбаев атындағы №7 мектебінде «Физика, химия, биология, география пәндерін оқытуда функционалдық салауаттылықты қалыптастырудың белсенді түрлері мен әдістері» тақырыбында семинар ұйымдастырылып өткізілді.
Семинарға Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Сәтбаев қалаларының және Ұлытау ауданының жаратылыстану бағыты пәндері бойынша 48 мұғалім қатысты. Жезқазған қаласының мұғалімдері: Қыдырпатшаева К.О. – биология пәнінің мұғалімі, Жанұл А.М. - №8 гимназияның физика пәні мұғалімі, Жаукумова А.Р. – география пәнінің мұғалімі, Абильдаева С.К. – №7 мектеп – лицейінің химия пәні мұғалімі, Снипич О.А. – география пәнінің мұғалімі, Ли А.Т. – №22 ЖББОМ биология пәні мұғалімі, Әлібекова С.С. №4 ЖББОМ химия пәні мұғалімі, Войткевич Е.Г. - №26 гимназияның физика пәні мұғалімі, Балмағамбетова Г.А. – №21 ЖББОМ география пәні мұғалімі, Бадретдинова Ф.Ф. – №3 ЖББОМ биология пәні мұғалімі ашық сабақтар және шеберлік сыныптар өткізіп өз тәжірибелерімен бөлісті. Функционалдық сауаттылықты дамыту үшін сабақтың жаңа мазмұны ұсынылды:
1. функционалдық сауаттылықты дамытуға негізделген оқытудың формалары және әдістері;
2. оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау және талдау жүйесі;
3. оқытушы-оқушы тарапынан достық қарым-қатынастың қалыптасуы.
Семинар әдістемелік тұрғыда жоғары дәрежеде өтті.