Білім беру қызметкерлерінің аймақтық тамыз педагогикалық кеңесінің секциялық отырысы
15-08-2017 08:39
Білім беру қызметкерлерінің аймақтық тамыз педагогикалық кеңесінің секциялық отырысы

      Алдымыздағы оқу жылында республикамыздың барлық 1, 2, 5, 7 сыныптарында орта білім берудің жаңа моделі енгізіледі.

     Секциялық отырыс төмендегі сұрақтар бойынша мектеп әкімшілігінің сөзімен басталды:

- Білім беру мазмұнын жаңарту ерекшеліктері;

- Критериалды бағалау жүйесінің ерекшеліктері;

- Білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу жағдайындағы мұғалімдердің дайындығы;

- Жүйелі-әдістемелік кешен – білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу жағдайындағы мұғалімдерді қолдау құралы.

            Барлық пәндер бойынша өткізілген секциялық отырыс жұмысында жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері, критериалдық бағалау жүйесінің ерекшеліктері, бастауыш мектепті оқыту ерекшеліктері бойынша тренингтер және шеберлік сыныптар өткізілді. Әсіресе педагог пен ата-ана қоғамдастығының арасында кері байланыс туғызатын білім беру үдерісіндегі сапалы әдістемелік қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлінді.