Размер шрифта:
Отбасылық кемпинг
21-09-2017 11:58
Отбасылық кемпинг

     2017 жылғы 21 қыркүйекте Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Сырттай балабақша» жобасын іске асыру мақсатымен «Отбасылық кемпинг» семинар-практикумын өткізді.

    Семинарға Балқаш, Теміртау, Шахтинск, Жезқазған қалалары, және Қарқаралы, Абай аудандарының балабақшаларынан 25 әдіскер қатысты.

    Семинарда ата-аналармен жұмыстың жаңа жолдары мен әдістері: отбасылық кемпинг, «Sandplay» құм терапиясы, «Сумен ойындар қоржыны», «Фельденкрайз» жаттығулары және басқа да әдіс-тәсілдер көрсетілді.

   Күннің екінші жартысында инновация әдіскерлері жобаны іске асыру жұмысының нәтижесін көрсетті. «Дөңгелек үстелде» педагогтар «Сырттай балабақша» жобасын іске асыру әдістемелік ұсыныстарын құруды талқыға салды.