2017 жылдың 28 қыркүйегінде Қарағанды облысы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығында Ресурстық орталық (тірек мектебінің) қызметін ұйымдастырудағы озық тәжірибені айқындау, жинақтау және тарату, ғылыми-әдістемелік пен оқу-тәрбиелік қызметіндегі жаңа педагогикалық идеяларды және инновациялық ізденістерді табу, қашықтан оқыту тәсілдерін анықтаумақсатында облыстық деңгейіндегі республикалық конкурс өткізілді.
Конкурсқа 9 ресурстық орталық қатысты: Нұра, Шет, Ақтоғай, Осакаров, Абай, Ұлытау, Бұқар жырау, Жаңаарқа аудандары.
Байқау жеңімпаздары:
I дәрежелі диплом – Осакаров ауданы «№9 тірек мектеп-гимназиясы»
II дәрежелі диплом – Шет ауданы «Алтынсарин ат. тірек мектеп-гимназиясы»
III дәрежелі диплом – Ақтоғай ауданы «К.Байсейтова атындағы тірек мектебі»
Облыстық байқау жеңімпазы Осакаров ауданының «№9 тірек мектеп-гимназиясы» 2017 жылдың 31 қазанында республикалық байқаудың ІІ кезеңіне қатысуға жолдама алды.