2015 жылдың 12-25 қаңтары аралығында «Назарбаев интеллектуалды мектебі» автономдық білім ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы орта білім мазмұнын жаңарту аясында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттері мамандарына арналған біліктілікті арттыру курсын өткізуде.
Аталмыш курс Қарағанды қаласының Педагогикалық шеберлік орталығында ұйымдастырылып отыр.
Курсқа 75 тыңдаушы қатысты, оның ішінде: 54 адам - әдістемелік кабинет басшылары, 21 адам -әдістемелік кабинет әдіскерлері.
Курсқа қатысуда белсенділік танытушы аймақтар: Сәтбаев қаласы (8 адам), Балқаш қаласы (6 чел), Осакаров ауданы (7адам), Шет ауданы(7 адам),
Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы (16 адам) тыңдаушылары курсқа қатысуда белсенділік танытты.