« Қазақ тілінен жаңартылған білім мазмұны бағдарламасын тәжірибеге енгізудің тиімді әдістері»
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 26 қазанда №3 гимназияда орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілінен жаңартылған білім мазмұны бағдарламасының тәжірибеге енгізудегі тиімді әдістері» атты тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты: қазақ тілінен жаңартылған білім мазмұны бағдарламасының тиімді әдістері бойынша тәжірибе алмасу.
Семинарға Қарағанды, Саран, Теміртау, Шахтинск, Абай қалалары, Бұқаржырау ауданы мектептерінің жалпы 31 мұғалімі қатысты. Семинар барысында қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің мұғалімдері ашық сабақтар мен коучингтер өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында қатысушылармен кері байланыс жүргізілді. Кері байланыс кезіңде мұғалімдер қатысқан ашық сабақтары мен семинар-практикум туралы ой бөлісіп, пікіралмасты.