2015 жылдың 9 қаңтарында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығында «Мектеп кітапханасының жұмысын табысты ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар туғызу» тақырыбында мектеп кітапханаларына көмек көрсететін әдіскерлер үшін семинар өтті.
Семинар барысында білім басқармасының бас маманы Досымбекова Б.К. қатысушыларды мектеп кітапханалары қызметінің нормативтік-құқықтық аспектілерімен, Қарағанды облысының мектеп кітапханаларын дамытудың жаңашыл моделі «Оқулық» жобасын іске асыру туралы таныстырып өтті.
Семинар үстінде «Жылдың ең үздік мектеп кітапханашысы» атты облыстық кәсіби шеберлік конкурсын өткізу туралы, мектеп кітапханаларына сүйемелдеу көрсететін әдіскерлердің дистанциялық шығармашылық зертханасын ашу туралы ҚББжҰТИДбөлімінің басқарушысы Копбаева Г.С. айтып өтті.
Семинарға білім бөлімдерінің кітапхана қорларының әдіскерлері, сондай-ақ облыстық арнаулы мектеп-интернаттарының кітапхана меңгерушілері қатысты.