Размер шрифта:
Бағалаудың критериалды жүйесі
31-10-2017 05:16
Бағалаудың критериалды жүйесі
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2017 жылдың 30 қазанында Қарағанды қаласының №93 гимназиясы базасында «Бағалаудың критериалды жүйесі» тақырыбында 1, 2 сыныптарда сабақ жүргізетін мұғалімдерге арналған семинар-практикум ұйымдастырылып өткізілді.   
Семинар мақсаты: бастауыш мектепте жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру және критериалды бағалау бойынша тәжірибе алмасу.
          Оқытудың мақсаттарына сәйкес сабақты нәтижелі жоспарлау бойынша Қарағанды қаласынан Акмагамбетова А. М., Шарипова Г. К., Жетисбаева Р. И., және Теміртау қаласынан Рудник И. А., Романова Н. Ю., Ильинова Л. А., Спиридонова Е. Г. шеберлік сыныптарын өткізді. 
          Критерийлер әзірлеу ерекшеліктеріне, формативті бағалау тапсырмаларына, дайын дескрипторлардың қолданылуымен жиынтық бағалаудың айдарлары мен тапсырмаларын құрауға, модернизация жүргізуге Теміртау қаласының бастауыш сынып мұғалімдері Асанова Б. Е., Таскынбаева А. Д., және Саран қаласының бастауыш сынып мұғалімдері Глотова С. Е., Ганибаева Н. М., Ревтова О. Н. тоқталып өтті. 
          Семинарға 1, 2 сынып мұғалімдерінен және Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктері басшыларынан барлығы 50 адам қатысты.