Өнер мектебі мен балалар музыка мектептерінің оқытушылары арасында шеберліктерін шыңдайтын «Шабыт шаттығы-2017» аймақтықбайқауы
02-11-2017 03:33
Өнер мектебі мен балалар музыка мектептерінің  оқытушылары  арасында шеберліктерін шыңдайтын  «Шабыт шаттығы-2017»  аймақтықбайқауы

         2017 жылдың 2-3 қарашакүндері Қарағанды облысы білім басқармасы,  Қарағанды облысының білім  беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, «№1 өнер мектебі» КМҚК  бірлесіп өнер мектебі мен балалар музыка мектептерінің оқытушылары  арасында шеберліктерін  шыңдайтын «Шабыт шаттығы-2017»  аймақтықбайқауын өткізуде.

           Байқауға Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облысының музыка мектептері мен өнер мектептерінің ұстаздары келесі номинация бойынша қатысуда:

Ø«Солисттер» - аспаптық орындаушылық, жеке ән салу (академиялық, халық әндері, эстрадалық вокал);

Ø«Ансамбльдер» (кіші құрам дуэті, трио, квартет  және т.б. 8 адамға дейін құрамда, ал концертмейстер ансамбльге қатысушы);

Ø«Концерттік орындаушы - педагог»(Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестікте жұмыс істейтін ұстаздар үшін).

«Солисттер» үшін жас ерекшіліктері: 1 санат – 35 жасқа дейін; 2 санат – 35 жастан жоғары.

             Байқауды Астана қаласы Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушылары мен Қарағанды облысының  жетекші  өнер қайраткерлерінен тұратын кәсіби әділқазылар бағалайды.