Қарағанды облысы ББД оку-әдістемелік орталығында қазан айынан бастап, білім беру ұйымдарын басқаруда жас басшыларға теориялық білімдерін практикамен ұштастыруда әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Кәсіби өсу сатысы» жас басшылар мектебі өз жұмысын бастаған болатын. 4-ай бойы «Басқару қызметіндегі құқықтық аспектілер», «Іс жүргізу», «Мектеп әкімшілігінің талдамалық қызметі», «Желілік жоспарлау», «Мектепішілік бақылау», «Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмыс жүйесі», «Мектеп әкімшілігінің педагогтің кәсіби қалыптасуы және дамуы жағдайын қалыптастырудағы рөлі», «Басқарушылық құзыреттіліктің негіздері», «Басқару менеджменті» тақырыптарында білімдерін жетілдірді.
Облыстың аудандары мен қалаларындағы білім ұйымдарынан барлығы 31 басшы: Ақтоғай ауданы-4 ,Абай ауданы-1 ,Жаңаарқа ауданы-6,Шет ауданы-4,Қарақаралы ауданы-5,Ұлытау ауданы-8, Сәтпаев қаласынан – 3 қатысты. Жас басшылар курс барысында алған білімдерін, тәжірибелік алаңда бекітуге мүмкіндік алды.
Курс соңында ББД ОӘО директоры Г.Қожахметова жас басшылармен кездесіп, «Басқарушылық тәжірибе: мәселелері, келешегі» тақырыбы аясында ой бөлісті. Мектебін аяқтаған 24 басшы «Заманауи оқу орны және оның басшысы» тақырыбында сертификат алды.