«Кәсіби өсу сатысы» жас басшылар мектебінің жаңа легі аяқтады.
29-01-2015 11:51
«Кәсіби өсу сатысы» жас басшылар мектебінің жаңа легі аяқтады.

Қарағанды облысы ББД  оку-әдістемелік орталығында қазан айынан бастап, білім беру ұйымдарын басқаруда жас басшыларға теориялық білімдерін практикамен ұштастыруда әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Кәсіби өсу сатысы» жас басшылар мектебі өз жұмысын бастаған болатын. 4-ай бойы «Басқару қызметіндегі құқықтық аспектілер», «Іс жүргізу», «Мектеп әкімшілігінің талдамалық қызметі», «Желілік жоспарлау», «Мектепішілік бақылау», «Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмыс жүйесі», «Мектеп әкімшілігінің педагогтің  кәсіби қалыптасуы және дамуы жағдайын қалыптастырудағы рөлі», «Басқарушылық құзыреттіліктің негіздері», «Басқару менеджменті»  тақырыптарында білімдерін жетілдірді.

Облыстың аудандары мен қалаларындағы білім ұйымдарынан барлығы 31 басшы: Ақтоғай ауданы-4 ,Абай ауданы-1 ,Жаңаарқа ауданы-6,Шет ауданы-4,Қарақаралы ауданы-5,Ұлытау ауданы-8, Сәтпаев қаласынан – 3 қатысты.  Жас басшылар курс барысында алған білімдерін, тәжірибелік алаңда бекітуге мүмкіндік алды. 

Курс соңында  ББД ОӘО директоры Г.Қожахметова  жас басшылармен кездесіп, «Басқарушылық тәжірибе: мәселелері, келешегі» тақырыбы аясында ой бөлісті. Мектебін аяқтаған 24 басшы «Заманауи оқу орны және оның басшысы» тақырыбында сертификат алды.