Республикалық семинар
30-01-2015 03:17
Республикалық семинар

2015 жылдың 23 қантарында ҚР Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, жалпы білім беретін типтік бағдарламасын сынақтан өткізу, инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану бойынша республикалық семинар өтті.

Осы эксперименттік сынаққа Республика бойынша 77 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары кіріп отыр.

Оның ішінде Қарағанды облысынан 5 МДҰ енгізілді. Атап айтсақ, Қарағанды қаласынаң «Айсулу» б/б, «Бақыт» б/б, «Балбөбек» б/б, Абай қаласынан «Аққу» б/б, Шахтинск қаласынан «Қарлығаш» б/б.

Семинардың бағдарламасы 2 бөлімнен турады.

1 бөлімінде Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі инновациялық әдістер мен технологиялар көрмесі өтті. Сонымен қатар, республика аймағындағы МД тәрбие мен оқыту саласында жұмыс істейтін педагогтары инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану бойынша мәселелерді талқылап, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

2 прктикалық бөлімінде Астана қаласындағы эксперименталдық алаңы бар №8 «Думан» балабақшаның жұмысымен таныстық. Аталған балабақша инновациялық жобасын ортаға салды.