Размер шрифта:
2017 жылдың 18-20 қарашасы аралығында тәжірибе алмасу мақсатында Қарағанды облысына Татарстан Республикасы орта білім беру ұйымдары қызметкерлерінің делегациясы іс-сапармен келді
20-11-2017 10:19
2017 жылдың 18-20 қарашасы аралығында тәжірибе алмасу мақсатында Қарағанды облысына Татарстан Республикасы орта білім беру ұйымдары қызметкерлерінің делегациясы іс-сапармен келді

18 қарашада қонақтар Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының жұмысымен танысты.

Қонақтарды құттықтау сөзімен Қарағанды облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Жашибеков Н.А., Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Аринов Е.Р. қарсы алды.

Делегация мүшелері сабақтарға, сыныптан тыс іс-шараларға қатысты.  Шеберлік сабақтарын Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері, мектеп мұғалімдері өткізді.

Педагогтер IT- технологиялардың мүмкіндіктерін көрсетті, STEM, үш тілді білім беруді жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті.  Осы күннің екінші жартысында клубтардың жәрменкесі, TED Talks конференциясы өткізілді, мектеп оқушылары сахна үстінде өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін де көрсете алды.