Білім беру ұйымдарының аға тәлімгерлері үшін «Тәжірибе. Ынтымақтастық. Әрекеттестік» атты семинар-практикум
28-11-2017 06:39
Білім беру ұйымдарының аға тәлімгерлері үшін «Тәжірибе. Ынтымақтастық. Әрекеттестік» атты семинар-практикум

2017 жылдың 28 қараша күні «№2 «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ базасында білім беру ұйымдарының аға тәлімгерлері үшін «Тәжірибе. Ынтымақтастық. Әрекеттестік» атты облыстық семинар-практикум өтті. Семинарға облысымыздың 18 аймақтағы білім беру ұйымдарының 40 аға тәлімгерлері, «Жас Ұлан» ұйымының төрайымы М.Т.Абдрахманова, ОӘО әдіскерлері қатысты. Семинарда облыстық тәлімгерлер Ассоциациясын құру, мектептегі тәлімгер жұмысына әдістемелік көмек көрсету, оқушылардың бос уақытын және ұжымдық шығармашылық жұмысты ұйымдастыру сұрақтары талқыланды.