Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында өткізілетін «Жыл мұғалімі» облыстық байқауының екінші іріктеу кезеңі
27-30 қараша аралығында Аудандардың, қалалардың, Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында өткізілетін «Жыл мұғалімі» облыстық байқауының екінші іріктеу кезеңі өткізілді.
Іріктеу кезеңіне 18 педагог қатысты. Әр қатысушы ашық сабақ пен сабақтан тыс іс-шара өткізді.
Байқауға қатысушылардың жұмыстарын құрамына білім басқармасының, оқу-әдістемелік орталығының, «Өрлеу» біліктілікті арттырудың Қарағанды облысы бойынша филиалының, Қарағанды қаласының «НЗМ» ДББҰ, Қарағанды қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының, Қарағанды қаласының тілдерді оқыту орталығының өкілдері кірген білікті қазылар алқасы бағалады.