«ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ҮШТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ЖАҒДАЙЫ: ТӘЖІРИБЕСІ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ
09-12-2017 06:49
«ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ҮШТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ЖАҒДАЙЫ: ТӘЖІРИБЕСІ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен2017 жылдың 8-9 желтоқсанында «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатының базасында «Қарағанды облысында үштілді білім беруді дамыту жағдайы: тәжірибесі және перспективалары» тақырыбында облыстық форум өткізілді. Форумға республикалық үштілді білім беру жобасына енгізіліп отырған 55 пилоттық мектептен физика, химия, биология және информатика пәндері бойынша 100 – ден артық педагог қатысты. Форумға қатысу үшінUSTAZ (Астана қ.) кәсіби жетілдіру орталығының оқытушылары шақырылды. Форум аясында пән мен тілді кіріктіріп оқыту негізінде CLIL технологиясын пайдалану, BMG және интернет ресурстарын қолдану тәсілдері бойынша жаратылыстану-математика пәндерінен білім беру зертханалары өткізілді.