Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығы 2017 жылдың 12 желтоқсанында Саран қаласына қарасты Ақтас кентінің №13 «Біздің айналамыздағы математика» жобасы шеңберінде жобаға қатысушы мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын дамыту үшін оқытуда жаңа тәсілдерді қолдану» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Семинардың мақсаты: «Біздің айналамыздағы математика» педагогикалық жобасын енгізуде ата-аналар қоғамын тарту арқылы сабақтарда, сыныптан тыс шараларда бастауыш сынып оқушыларының математикалық құзіреттілігінкөтеру шеңберінде серіктес мектептердің арасында тәжірибе алмасу.
Саран қаласының №13ЖББМ-нің, №4ЖББМ-нің, №7ЖББМИ-ның ұстаздары қызықты, әрі тартымды тренингтер, панорамалық сабақтар, сыныптан тыс шаралар, шеберлік сағаттарын, ата-аналар жиналысын өткізді.
Семинарға қатысушылар оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмаларды құрастыруға қатысты, есептеудің ерекше тәсілдерімен танысты, пікір алмасты және өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға Қарағанды облысының жалпы білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестік жетекшілері мен бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.