2017 жылдың 13-ші желтоқсанында Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен «№39 гимназия» базасында «3D модельдерді 3D принтерінде басып шығару» тақырыбы бойынша Қарағанды облысының мектептері мен колледж мұғалімдеріне арналған шеберлік сынып өткізді.
Шеберлік сынып мақсаты: математика, информатика, физика, робототехника саласындағы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру болып табылады.
Шеберлік сынып барысында №39 гимназияның робототехника мұғалімі Бердиходажаев Адилбек Сайлаубекович өз тәжірибесімен бөлісті.
Педагогтар жалпы 3D принтерде жұмыс істеуді талқылап, қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасып, жаттықтырушының шығармашылығын бағалауға мүмкіндік алды.
Қатысушылар шеберлік сыныптың сапасына оң нәтиже беріп, іс-шараның ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.