Қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері мен мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларының қатысуымен семинар-кеңес
2017 жылдың 21 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығында 2017-2018 оқу жылының бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы мен 2018 жылға жұмысты жоспарлау бойынша семинар-кеңес өтті.
Түстен кейін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті М.Е.Мукатовамен кездесу өтті. Оқу бағдарламаларының жобаларын және 12 жылдық білім берудің 0+11 құрылымын түсіндіру және талдау өткізілді.