«Қарағанды облысында инклюзивті білім беру жүйесін дамыту» облыстық жобасын енгізу шеңберінде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының инклюзивті білім беру зертханасы инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мектептер үшін оқыту курстарын дайындады.
Курс 3 модульде өтеді.
1 модуль 2015 жылдың 2-3 ақпанында өтеді.
Курстың мақсаты: инклюзивтібілім беру саласында оқу үрдісіне қатысушылардың кәсіби біліктілігін қалыптастыру, арттыру және тереңдету.
Курстың міндеттері:
1. Даму мүмкідігі шектеулі оқушыларға қолданылатын Мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыруда стажер алаңдарының оқытушыларының кәсіби даярлығын бағалау және қорытындылау.
2. Жалпы білім беретін мектептердің жағдайында даму мүмкідігі шектеулі балалармен жұмыс жасау құрылымының мазмұнын анықтау.
Курс тыңдаушылары: стажер алаңдарының оқу бөлімінің меңгерушілері, педагог-психологтар, логопедтер, дефектологтар және Қарағанды аумағының 20 стажер алаңдарының инклюзивті сыныптарының оқытушылары.