2018 жылдың 3-5 қаңтар аралығында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығында Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының басшылары резервінің «Кадрлық резерв даярлау мектебі» курсының 2 модуль бойынша «Білім беру саласындағы менеджмент» тақырыбындағы 3 күндік оқыту курсы басталды.
Курстың мақсаты: білім берудегі басқару және көшбасшылық мәселелеріне әдістемелік көмек көрсету, іскерлік қарым-қатынас негіздері мен басқарушылық қызметтің нормативтік-құқықтық аспектісіндегі дауларды басқару.
Курста «Білім беру мен оқытудың халықаралық TALIS зерттеуі: Қазақстанда педагогикалық корпустың даму перспективалары», «Білім беру жүйесіндегі медиация», «Топ құру – ұйымдастыруды дамытудың тиімді жолы ретінде, ораторлық шеберлік», «Мектептің кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру», «Объектілердің кешенді қауіпсіздігі» тақырыбында лекциялар оқылды.
Қурсқа Қарағанды облысы білім беру ұйымдары директорларының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарлары және мұғалімдері барлығы 39 педагог қатысып отыр.