«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы ауыл аймақтарындағы мұғалімдермен кездесті.
05-01-2018 11:02
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы ауыл аймақтарындағы мұғалімдермен кездесті.

2018 жылдың 5 қаңтар күні мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Қарағанды ​​облысы Осакаровка ауданында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның басқарма төрайымы Шамшидинова Куляш Ногатаевна, Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Иманғалиев Есенғазы Нуртөлеуұлы, облыстың мектеп директорлары мен мұғалімдері қатысты.

Кездесуде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мұғалімдер тарапынан туындаған сұрақтар мен мәселелерді қарастырып, пікірлерін тыңдап, оларға әдістемелік ұсынымдар берілді. Қатысушылар көкейкесті сұрақтарына жауап алып, кездесудің нәтижелі болғанын айтты.