Қарағанды облысында білім берудің дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2018 жылдың 4 қаңтарында бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктерінің басшыларына арналған «Өздігінен білім алу педагогтің кәсіби біліктілігін арттырудың қажетті шарты ретінде» тақырыбында семинар өтті.
Семинар мақсаты: педагогтерде педагогикалық шеберлік пен кәсіби өсуді жетілдіру үшін өздігінен білім алу қызметін ұйымдастыруда қажеттілік қалыптастыру.
Семинар барысында педагогтің кәсібилілігін арттыру үшін қажетті негізгі критерийлер талқыланды, оқу үрдісін ұйымдастыру үшін жұмыстың белсенді түрлері мен әдістері көрсетілді.
Семинарға Абай, Бұқар жырау, Осакаровка, Ақтоғай, Қарқаралы, Нұра, Ұлытау, Шет, Жаңаарқа аудандарының және Саран, Жезқазған, Сәтбаев, Приозерск, Теміртау, Балқаш, Шахтинск, Қарағанды қалаларының бастауыш сынып мұғалімдері мен әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты.