Сын тұрғысынан ойлауға үйренудеміз
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2018 жылдың 08-12 қаңтар аралығында «Сын тұрғысынан ойлау» тақырыбында бес күндік курсты ұйымдастырды. Курсқа облысымыздың аудандарынан 23 мұғалім қатысты.
Курсты Қазақстандық оқу қауымдастығы директорының міндетін атқарушы, RWCT халықаралық сертификаттаушы, педагогика ғылымдарының кандидаты З.Ж. Копбаева жүргізуде.