2018 жылғы 5 қаңтарда Рашит Шайзаратұлы Хасенов атындағы Қарағанды облысы білім беру саласының даму және құрылу тарихы мұражайының ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға Қарағанды облысының білім басқармасы, Қоғамдық кеңес мүшелері, педагогикалық еңбек ардагерлері, облыстың педагогтер қоғамдастығы қатысты.
Мұражайды ашу кезінде Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаты, Қарағанды облысының тарихи-өлкетану мұражайы тәжірибелік көмек көрсетті.
Мақсаты Қарағанды облысының білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуының барлық кезеңдерін көрсетуге бағытталған, өскелең ұрпақтың, заманауи Қазақстанның жас азаматын тәрбиелеп оқыту міндетін арқалаған педагогтің ауыр, бірақ игі ісіне құрмет көрсету болып табылатын біздің өңірдегі бірінші мұражай.