Отзыв на ежегодное Послание народу Казахстана Президента РК Н.Назарбаева 10 января 2018 года
12-01-2018 13:55
Отзыв на ежегодное Послание народу Казахстана Президента РК Н.Назарбаева 10 января 2018 года

«Бүгінде адамзат баласы жаңа Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басып келеді.  Заманауи технологиялар әлемді өзгертуде.  Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық.»

Президентіміз алдағы уақытта жүзеге асырылуы тиіс негізгі 10 міндетті жүктеді. «Қазақстандық индустрия жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс» делінген бірінші міндет тікелей «Адами капиталдың жаңа сапасы» деген жетінші міндетпен өзара байланысты.

Елбасымыз білім беру жүйесінің барлық деңгейлері заманауи ақиқат пен экономикалық қажеттіліктерге сай болуы керек екендігін атап көрсетті. Білім беру саласына өзіндік инвестициялық жобалары мен эксперттік әлеуеті бар экономиканың дербес саласы ретінде қарайтын уақыт келді.  

2016 - 2017 жылдары әлеуметтік төлемақылар мөлшері үш рет  өсірілді.   Оның ішінде білім беру қызметкерлерінің еңбек ақылары 29 % дейін артты. Бұл үрдіс әрі қарай жалғасын табады.   Республикалық бюджеттің   әлеуметтік салаға бөлінген шығыны 2018 жылы 12 пайызға өсіп, 4,1 триллион теңгеден асты.

 

Екінші күні-ақ ҚР үкіметінің отырысында премьер-министр Бакытжан Сағынтаев  мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру міндетімен  профильдік мекемелерге мұғалімдердің жалақысын көбейту бойынша шаралар қолдануды тапсырды. Мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен 1,2,5,7,-сыныптарға сабақ беретін ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ал  қосымша 3,6,8-сынып мұғалімдерінің жалақысын 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 30 пайызға көбейту тапсырылды. Сонымен қатар 2018 жылы мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін анықтайтын Ұлттық біліктілік тестісінің енгізілуіне сәйкес мұғалімдердің жалақысы жаңа жүйе бойынша біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 пайыздан 50 пайызға дейін өседі.

 

Сонымен қатар Елбасы 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап    балалардың ерте даму дағдыларын дамытатын бағдарламаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.  ТМД елдері мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне көз сала отырып,  мектептегі жүктемелерді төмендету бойынша ұсыныстар енгізуді; педагогикалық кафедраларды дамыту бойынша шаралар қолдануды; білім беру саласының барлық деңгейлерінде математикалық және жаратылыстану ғылымдарын беру сапасын арттыруды;  Интернет желісінде дәріс түріндегі бейнесабақтарды орналастыра отырып, сандық білім беру ресурстарын дамыту жұмыстарын жалғастыруды; мектептерді интернетпен қамтамасыз етуді; қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыруды енгізуді; барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру бойынша шаралар қолдануды міндеттеді. 

ҚР-ң қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мұғалімдердің жалақысын арттыру бойынша жүргізілетін есептің дайын екенін айтты. 

 «Жалпыұлттық жоспармен (ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша) біз сұрақтарға едәуір нақты жауаптар бере аламыз. Мен алдын ала белгіленген қаржы мөлшерін атап өттім, білім мазмұнын жаңарту мәселелерімен шұғылданатын мұғалімдердің жалақысын арттыру үішн 60−70 млрд теңге қажет, оның барлығы есепке салынып отыр. Басқа да бағыттар бойынша нақты сандар көрсеткіші бар», — деп атап өтті ол өз сөзінде. Оның айтуынша, республикалық бюджетке нақтылау енгізу қажет. «Бюджетті міндетті түрде нақтылап алу керек, ағымдағы жылдың бюджетін біз сәйкес қаражаттарды жергілікті атқарушы огандарға қалай жеткізу бойынша нақтылаймыз. Бұл жергілікті бюджеттерді де нақтылауды талап етеді. Бүгінгі таңда республикада бюджеттің бос қалдықтары жыл сайын бюджетті нақтылайтын көз болып табылады. Осы жолы олар Жолдауда айтылған Президент тапсырмаларын іске асыру үшін пайдаланылады», — деп түсіндірді Б. Сұлтанов.

Біз бүгінгі таңда ҚР Президентінің мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру бойынша жүргізетін саясатын анық көріп отырмыз.  Президент әлеуметтік даму мәселелеріне ден салды, бұл - ең алдымен, педагогикалық қауымдастыққа, мұғалімдерге, тікелей қатысты мәселе.  Соған орай менің әріптестерім өздеріне көрсетіліп жатқан қамқорлық пен демеуге шаттанып жатыр деп ойлаймын. Мұғалімдер өздерінің тікелей кәсіби дамуын көруде. Мұғалімнің қоғам өміріндегі ролін арттыру бала тұлғасын қалыптастырудағы қоғамның ролін арттыру деген ұғыммен пара-пар. Өйткені дәл осы мұғалімдер еліміздің келешегі - ертеңгі күннің дәрігерлері мен инженерлерін, агрономы мен ғарышкерлерін қалыптастырады. 

Міне облыстық мәслихаттың VIII сессиясында облыс әкімі Е.Ж.Қошановтың БІЛІМ БЕРУ ЖЫЛЫ  деп атаған 2018 жыл да табалдырықтан аттады.  Білім беру ұйымдарының инфроқұрылымдарын бекіту, күрделі және ағымды жөндеу жұмыстарын өткізу бойынша 5,1 млрд.теңге көлемін құрайтын масштабты бағдарламалар әзірленді.  Сонымен қатар республикалық бюджеттен Қарағанды және Теміртау қалаларында, Ақтоғай және Ұлытау аудандарында бес жаңа мектеп салуға қаражат бөлінді. 

 

Бүгінгі таңда ауылдық педагогтердің қалалық әріптестері сияқты кәсіби дамуы үшін барлық мүмкіндіктері бар екені қуантады,  ол үшін барлық жағдайлар жасалған: сертификатталған мұғалімдердің біліктілік арттыру курстары, жаңартылған білім мазмұны бойынша, үштілділік бойынша, пәндерді ағылшын тілінде жүргізудің тілдік құзыреттілігі бойынша,  критериалды бағалау жүйесін енгізуде мектеп координаторларын дайындау бойынша, оқушыларды халықаралық зерттеулерге дайындау бойынша және басқа да біліктілік арттыру курстары.  Ауылдық жерде мектептің болуыауылдық аймақта тұратын адамдардың өміріндегі аса маңызды саяси аспект болып табылады.   Ауылдық жерде мектептің болуы– мемлекеттің адамдар өмірінде болу фактісі.

Біздің балаларымыздың болашағы – қазақ тілін, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруде. Нәтижесінде біздің барлық түлектеріміз өз елінде және жаһанды әлемде өмір сүруге және жұмыс істеуге қажетті деңгейде үш тілді меңгеріп шығады. Міне сонда ғана нағыз азаматтық қоғам пайда болады. 

Мен оқытудың мазмұныдылығы үйлесімді түрде заманауи техникалық сүйемелдеумен толықтырылып отыру керек деп есептеймін.  Мемлекетіміздің Басшысы сандық білім беру ресурстарын дамыту   жұмыстарын жалғастыру маңыздылығын айта отырып, мектептерді кең жолақты Интернет желісіне қосу және бейнеқұрылғылармен жабдықтау істерін жүргізуді талап етті.  Бұл, әсіресе, ауыл мектептері үшін өзекті. Облысымыздың бар аймақтарында оқу пәндері бойынша, сонымен қатар қосымша білім беру бағыттары бойынша он-лайн режиміндегі шеберлік сыныптар  трансляцияланады. Білім беру саласының барлық деңгейлерінде математикалық және жаратылыстану ғылымдарының берілу сапасын арттыру жастарды жаңа тенологиялық құрылысқа дайындаудың маңызды шарты болып табылады. 

Біздің облысымызда орта мектептердің үздік мұғалімдерінің бейнесабақтары мен бейнедәрістерін он-лайн режимінде өткізу  практикаға айналды.    Шалғайдағы ауыл мектептері мұғалімдерінің көрсетуге ұсынған сабақтар санының артуы да бізді қуантады.  

Ауыл мектептері мұғалімдерімен бірге Педагогикалық шеберлік орталығының (директоры Сурначева О.Г.), облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының (директоры Қожахметова Г.Ш.),   «Өрлеу»БАҰО» АҚ Қарағанды облысы брйынша филиалының (директоры  Муканова С.Д.), Қарағанды қаласының НЗМ-ң (директоры Якупов Р.М.) жоғары білікті мамандыры бір диалогтік алаңда болады.

Бүгінгі таңда оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мұғалімнің  оқытуға деген позициясын белсенді түрде өзгертуді жалғастыру керек,  құрылымды диалог құру үшін, жаңа жағдайда өзара нәтижелі әрекеттесу үшін мектептің, қауымдастықтың және ата-аналардың күш-жігерін жұмылдыра түсу қажет. 

Ұлттың әлеуетін арттыру біздің мәдениетіміз бен идеологиямыздың әрі қарай дамуын талап етеді. «Рухани жаңғырудың» мәні де осында.

Құрметті, жерлестер, мен, мұғалім ретінде және облыстық мәслихаттың депутаты  ретінде Қарағанды облысының педагогикалық қызметкерлері біздің қоғамымыздың идеалы болатын өз тарихын, тілін, мәдениетін жақсы білетін, сонымен қатар шет тілдерін меңгерген, озық және жаһанды көзқарасы қалыптасқан түлекті  тәрбиелеп шығаруға ұмтылады деп сеніммен айта аламын. 

Күтіп тұрған жұмыс көп. Бірақ біздің қолымыздан бәрі келеді. Биліктің атқарушы және заңнамалық салалары, құқық қорғау жүйелері, әлеуметтік институттар мен қауымдастықтар, ҮЕҰ «Нұр Отан» партиясының басшылығымен ел Президентінің Жолдауын түсіндіру бойынша жүргізілетін кең масштабты жұмысқа барша жұртты атсалыстыру керек. Өйткені біздің барлық бастамаларымызға көрсетілген жалпыхалықтық демеудің маңызы аса зор.   

        

 

Тукбаева А.Б.Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты,

«Нұр Отан» партиясының «Білім беру» бағыты бойынша сайлауалды

платформасының аймақтық кураторы,

Ақтоғай ауданы Шашубай кентінің «Мектеп-балабақша кешені» базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)»

КММ директоры