Физика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
![Физика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы](/media/img/blogs/5a5c483e03e8e.jpg)
2018 жылдың 12 қаңтарында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес №2 БИЛ базасында мамандандырылған мектеп – интернаттарының физика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы өткізілді. Барлығы 15 мұғалім қатысты.
Педагогтер оқушыларды олимпиадаға дайындаудың әдістерімен бөлісіп, ІІ тоқсан бойынша ТЖБ нәтижелерінің қорытындысын және вариативті курстардың мазмұнын қарастырды.