ММИ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің ОӘБ отырысы
18-01-2018 16:22
ММИ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің ОӘБ отырысы

2018 жылдың 18 қаңтарында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында  мамандандырылған мектеп-интернаттардың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы болып өтті.

Аталмыш шараға «Мұрагер», «Дарын», Жамбыл атындағы, Н.Нұрмақов атындағы, №1 және №2 Білім инновация лицейі, Музыкалық, «ІТ» мамандандырылған мектеп-интернаттардың қазақ тілі мен әдебиеті 27 мұғалімдері, бірлестік жетекшілері де қатысты. Қатысушылар оқушыны пән олимпиадаларына және ҰБТ-ға тиімді дайындау әдістері туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.