2015 жылдың 5 ақпанында ББД ОӘО әдіскерлері Абай қаласының №12 тірек мектебінің қысқы сессия сабақтарына қатысты.
06-02-2015 06:04
2015 жылдың 5 ақпанында ББД ОӘО әдіскерлері Абай қаласының №12 тірек мектебінің қысқы сессия сабақтарына қатысты.

2015 жылдың 5 ақпанында ББД ОӘО әдіскерлері Абай қаласының №12 тірек мектебінің қысқы сессия сабақтарына қатысты. Мақсаты: 8-9 сынып аралығында ресурстық орталықтың вариативтік біріңғай оқу жоспары құрылымының салдарынан туындаған қиыншылық аймақтарын түзету болатын. 

Сессия жұмысына 8-9 сынып оқушылары қатысты. Сессия барысында келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:

1)      Табиғи-ғылым блогі: «Тәжірибелік биология», «Тапсырмалар мен жаттығулар химиясы», «Құқық әлемінде» әлеуметтік педагогтың ауызша журналы.

2)      Дамыту блогі: қазақ тілінде «Білгіштер» интеллектуалды конкурсы, флешмоб, «Мен – жеке тұлғамын» психологиялық тренингі және Абай қаласы спорт мектебінің мұз айдынына барып қайту.