2015 жылдың 5 ақпанында ББД ОӘО әдіскерлері Абай қаласының №12 тірек мектебінің қысқы сессия сабақтарына қатысты.
2015 жылдың 5 ақпанында ББД ОӘО әдіскерлері Абай қаласының №12 тірек мектебінің қысқы сессия сабақтарына қатысты. Мақсаты: 8-9 сынып аралығында ресурстық орталықтың вариативтік біріңғай оқу жоспары құрылымының салдарынан туындаған қиыншылық аймақтарын түзету болатын.
Сессия жұмысына 8-9 сынып оқушылары қатысты. Сессия барысында келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:
1) Табиғи-ғылым блогі: «Тәжірибелік биология», «Тапсырмалар мен жаттығулар химиясы», «Құқық әлемінде» әлеуметтік педагогтың ауызша журналы.
2) Дамыту блогі: қазақ тілінде «Білгіштер» интеллектуалды конкурсы, флешмоб, «Мен – жеке тұлғамын» психологиялық тренингі және Абай қаласы спорт мектебінің мұз айдынына барып қайту.