Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар
26-01-2018 17:15
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар

2018 жылдың 26 қаңтарында Сәтбаев қаласы Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде білім мазмұнын жаңарту шеңберінде аймақтағы  мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында «Оқытудың әдіс-тәсілдерінің мазмұныны жаңарту – білім беру сапасын көтерудің негізгі  шарттары» деген тақырыпта орыс тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар  болып өтті.

Семинарға  гуманитарлық пәндерге жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, облыс бойынша  орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері қатысты. Семинар шеңберінде №25 орта мектебінің «Литературно-семейная гостиная» тақырыбында өткізген облыстық жоба  қорытындысы шығарылды. Жоба төңірегінде 8 отбасы сүйікті кітаптарын оқудағы өз табыстарымен бөлісті.

Семинар қатысушыларының назарына И.А.Крылов мысалдары негізінде «Любопытный» тақырыбында өткізілген ашық сабақ, сондай-ақ тәжірибелік бағыттағы және шеберлік сабақтары ұсынылды. Шығармашылық шеберханасында жаңартылған білім мазмұнындағы оқулыққа сүйене отырып, мұғалімнің оқушылармен жұмыс жасаудағы мүмкіндіктері жайлы сұрақтар қарастырылады.

Семинар ТЕДх форматында ұйымдастырылған  дөңгелек үстел шеңберінде аяқталды. Осы алаң аясында семинарға қатысушылар жаңартылған білім мазмұнында кездескен мәселелер және оларды шешу жолдары жайлы өз тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды.