Размер шрифта:
PISA-2018 зерттеуіне дайындық
29-01-2018 23:55
PISA-2018 зерттеуіне дайындық

PISA-2018 зерттеуіне дайындық

  2018 жылдың 29 қаңтарында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы базасында «PISA-2018 халықаралық зерттеуіне Қарағанды облысының білім беру ұйымдарын дайындау»  атты семинар-кеңес өткізілді. Семинарға 27 мектеп және 9 колледж директорлары қатысты.  Семинар барысында PISA-2018 халықаралық зерттеуін ұйымдастыру мен өткізу, компьютерлерге қойылатын талаптар, тесттің құрылымдары жайлы ақпарат беріліп, директорлармен сауалнама,  «PISA-2018 зерттеуінде облыс білім алушылары көрсеткіштерін жақсарта алады ма?» тақырыбында  коучинг жүргізілді. Семинарда барлық қатысушылар әдістемелік ұсыныстар алды.