PISA-2018 зерттеуіне дайындық
![PISA-2018 зерттеуіне дайындық](/media/img/blogs/5a6f600dbd9f8.jpeg)
PISA-2018 зерттеуіне дайындық
2018 жылдың 29 қаңтарында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы базасында «PISA-2018 халықаралық зерттеуіне Қарағанды облысының білім беру ұйымдарын дайындау» атты семинар-кеңес өткізілді. Семинарға 27 мектеп және 9 колледж директорлары қатысты. Семинар барысында PISA-2018 халықаралық зерттеуін ұйымдастыру мен өткізу, компьютерлерге қойылатын талаптар, тесттің құрылымдары жайлы ақпарат беріліп, директорлармен сауалнама, «PISA-2018 зерттеуінде облыс білім алушылары көрсеткіштерін жақсарта алады ма?» тақырыбында коучинг жүргізілді. Семинарда барлық қатысушылар әдістемелік ұсыныстар алды.