«Таным» жобасы Жаңаарқа ауданында
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2015 жылдың 3-4 ақпанында «Таным» жобасы аясында Жаңаарқа ауданының Гагарин атындағы ОМ, Жұмабеков атындағы ОМ, №132 ОМ-тің 5 және 7 сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында зерттеу жұмысын өткізді. Сонымен мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде пән мұғалімдеріне семинарлар ұйымдастылырды. Барлығы – 62 мұғалім функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары бойыша мәліметтер алды.
4-ақпан күні оқу-әдістемелік орталықтың тарих пәнінің әдіскері «ҰБТ дайындаудың тиімді әдістері», «Функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары» тақырыбында тарихшыларымен семинар өткізіліп, ҰБТ дайындауда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары талқыланды.