«Таным» жобасы Жаңаарқа ауданында
09-02-2015 03:06
«Таным» жобасы Жаңаарқа ауданында

«Таным» жобасы Жаңаарқа ауданында

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2015 жылдың 3-4 ақпанында «Таным» жобасы аясында Жаңаарқа ауданының  Гагарин атындағы ОМ, Жұмабеков атындағы ОМ, №132  ОМ-тің 5 және 7 сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында зерттеу жұмысын өткізді. Сонымен мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде  пән мұғалімдеріне семинарлар ұйымдастылырды.  Барлығы – 62 мұғалім функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары бойыша мәліметтер алды.

4-ақпан күні оқу-әдістемелік орталықтың тарих пәнінің әдіскері  «ҰБТ дайындаудың тиімді әдістері», «Функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары» тақырыбында тарихшыларымен семинар өткізіліп, ҰБТ дайындауда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары талқыланды.