ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ
01-02-2018 17:25
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ

2018 жылдың  1 ақпанында  Қарағанды  облысында  білім  беруді  дамытудың  оқу - әдістемелік  орталығымен  Теміртау  қаласының  «№10 ЖББОМ»  КММ  базасында  «Инклюзивті  білім  беру  жағдайларында жалпы  орта  білім  беретін  мектептердің  қызметін  ұйымдастыру» облыстық  семинары  өткізілді.

Семинар – практикумға  Психологиялық – педагогикалық  сүйемелдеу  қызметінің,  стажер  алаңының  және  Теміртау  қаласының  19  магниттік  мектептерінің  мамандары  қатысты.

Семинар  барысында  Қарағанды  қаласының  «№27  ЖББОМ»  КММ облыстық  Ресурстық  орталығының  педагогтерімен  және  мамандарымен  психологиялық - педагогикалық  сүйемелдеу  бағдарламаларын  жасау  және  білім  алуда  ерекше  қажеттіліктерге  мұқтаж  балалар  үшін  жеке  тапсырмалар  әзірлеу  технологиялары  көрсетілді.