«Үздік тарихшы-2018» байқауының нәтижелері
08-02-2018 10:16
«Үздік тарихшы-2018» байқауының нәтижелері

  2017 жылдың желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы базасында «Үздік тарихшы-2018» облыстық байқауының сырттай кезеңі өткізілді.

 Байқауға. облыстың 13 аймағынан 31 және «Дарын» мамандандырылған мектеп интернатынан біреу, барлығы 32 тарих пәнінің мұғалімі қатысты. Қаражал, Саран, Приозерск қалалары мен Ақтоғай, Осакаровка аудандары ат салысқан жоқ.

    Ұсынылған жұмыстардың көбісі «Үздік тарихшы-2018» байқауының Ережесіне сай келмеді.

    Байқау қорытындысы бойынша ақтық кезеңге келесі мұғалімдер шықты:

А. Түсіпханов,№92 гимназия, Қарағанды қ. – 48 ұпай.

А.Б. Қасенова,№2 мектеп–лицей, Балқаш қ. – 48 ұпай.

В.Е. Грейчуте,Абай ауданы, №14 мектеп –лицей – 48 ұпай.

Г.Р. Бикмуллина,С. Сейфуллин атындағы гимназия Сәтбаев қ. –47 ұпай.

Я.А. Золоторева,№38 гимназия, Қарағанды қ. – 46 ұпай.

Ж.Е. Есілбаева,«Дарын» мамандандырылған мектеп-интернаты – 43 ұпай.

М.Б. Абильдина,Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназия, Ақсу-Аюлы кенті, Шет ауданы – 37 ұпай.

    Екінші кезең 2018 жылдың 23 ақпанында Қарағанды қ. №6 ЖОББМ өткізіледі және екі тапсырмадан тұратын болады:

  1. Шеберлік сағаты (регламент 10 минут)
  2. Педагогикалық жағдай.