2015 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Қыздыру шамдары. Электрқыздырғыш құралдар. Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар » тақырыбында облыстық онлайн сабақ өткізілді.Онлайн сабақты Абай ауданының №20 мектеп – лицейінің 8 сыныбында физика пәнінің мұғалімі Михеева Татьяна Васильевна өткізді. Онлайн режимде сабаққа Қарағанды облысы бойынша 24 білім беру мекемелерінің физика пәнінің мұғалімдері қатысты.
Сабақ жаңа сабақ түрінде өткізілді. Сабақтың мазмұны бағдарламаға және сабақтың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес құрастырылды.Жаңа сабақ бастамас бұрын физикалық диктант жүргізу арқылы оқушылардың теориялық білімі тексеріліп, заңдар мен формулалар, ережелер қайталанды.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастырып, функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында топтық жұмыс ұйымдастырылып, шығармашылық , проблемалық тапсырмалар берілді. Шығармашылық тұрғыда өткізілген сабақ оқушылардың жан-жақты, ғылыми тұрғыда дамуына бірден-бір көмегін тигізері анық.